Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Австрия құрамасы өз алаңында жауапсыз 4 гол соқты.
Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші туры аясында Австриямен кездесті. Матч Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында өтті.
Матч бастала салысымен ойын тізгінін өз қолдарына алған алаң иелері оныншы минутта есеп ашты. Гол авторы - Кристофер Баумгартнер.
Екінші таймда ойыны жүрмей жатқан жерлестеріміз одан бетер тығырыққа тірелді. Австрия құрамасының футболшысы Филипп Линхарт 53-ші минутта ұрымтал сәтті мүлт жібермей есепті еселеді. Арада 3 минут өткенде Марсель Забитцер қақпамызға үшінші голды соқты.
Австриялықтар мұнымен қорғанысқа жамбастап жатып алған жоқ, Шацкий қақпасын шабуылдаумен болды. Соның жемісін көрді де. 79-шы минутта Маттиас Зайдль тағы бір гол соғып, Қазақстан құрамасын тізе бүктірді. Қорытынды есепті 4:0.
Осылайша, B тобында ойнайтын Ұлттық құрама 1 ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында қалды. Ал көш басында Норвегия құрамасы.
Айта кетейік, Станислав Черчесов шәкірттері қазанның 13-і күні Алматыда Словения құрамасын қабылдайды.