Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

“Ты по-французский сейчас говоришь?”. Черчесов тағы да қазақ тілін менсінбейтінін көрсетті

Редактор Penalty.kz
14.10.2024, 18:53

Оқиға Словениямен болған матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында болды. 

Kff.kz
Kff.kz

Черчесов тағы да қазақ тілін менсінбейтінін көрсетті. Оқиға Словениямен болған матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында болды. ҚФФ аттай қалап алдырған маман журналистің қазақ тілінде қойған сұрағын түсінбегендей сыңай танытып, “Сен қазір французша сөйлеп тұрмысың?, деп шіренді. 

Станислав жергілікті тілде сұрақ қойған тілшіге дүрсе қоюы алғаш емес. Бұған дейін журналист Нұрсұлтан Құрман қазақша сұрақ қойғанда Черчесов «Неге сұрақты орысша қоймайсыз? Мен қазір сізге өз ана тілім – осетин тілінде жауап берсем не болады? Оны ешкім түсінбейді ғой», – дегені бар. 

Қазақтың пұлын жеп, тілін менсінбейтін Станиславқа «Тәйіт әрі» дейтін әзірге ешкім жоқ. Аса ірі кәсіби жетістігі жоқ маманды жалдаған ҚФФ өкілдері мен президенті үнсіз. Черчесовтың тәуелсіз елге келгенін, жергілікті халық қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде сұрақ қоюға құқылы екенін ескертпесе керек. 

Айта кетейік, биыл маусымда Қазақстан футбол федерациясы 60 жастағы ресейлік Станислав Черчесовті ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындады. Содан бері ресейлік маман мардымды нәтиже көрсете алмай келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 5
😂 2
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір