Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

МЮ Антониді қаңтарда арендаға жібермек

Редактор Penalty.kz
16.10.2024, 12:30

"Манчестер Юнайтед" қаңтар айында бразилиялық вингер Антониді арендаға жіберуге дайын.

Фото ESPN
Фото ESPN

Бұл қадам 2024 жылдың жазында ойыншымен толықтай қоштасу үшін жасалып отыр.

2022 жылдың жазында "Юнайтед" Амстердамның "Аякс" клубына Антони үшін 86 миллион фунт төлеген болатын. Бұл трансфер "Олд Траффорд" тарихындағы ең қымбат сатып алулардың бірі ретінде орын алды.

Антонидің "Юнайтед" сапындағы көрсеткіштері жанкүйерлердің үмітін ақтамады: ол 86 матчта небәрі 12 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Бас бапкер Эрик Тен Хагтың өзі де 24 жастағы ойыншының "Юнайтед" сапындағы мансабын жандандыру мүмкіндігінен үмітін үзген сыңайлы. Антони осы маусымда тек бір рет негізгі құрамда алаңға шығып, Премьер-Лигада бар болғаны 27 минут ойын көрсетті.

Daily Mail ақпараты бойынша, "Юнайтед" Антониді маусымның екінші жартысында арендаға жіберіп, болашақта ойыншыға сатып алушы табуды көздеп отыр. Клуб келесі жазда Антониден шамамен 40 миллион фунт түсіруді жоспарлауда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір