Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы бұл туралы Рио Фердинандтың подкастында айтты.
Англия құрамасының және «Манчестер Юнайтед» пен «Реал» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм қай футболшының ойын мәнері өзіне өте ұқсас екенін айтты.
Рио Фердинандтың подкастындағы әңгіме барысында Бекхэм ойын үлгісі бойынша өзіне «Ливерпульдің» қорғаушысы Трент Александер-Арнольдты қатты ұқсататынын жасырмады.
«Егер пас беру жағынан өзіме ұқсас ойыншыны таңдау керек болса, мен Трентті атар едім», — деді Бекхэм.
Айта кетейік, 25 жастағы Александер-Арнольд «Ливерпуль» клубының шәкірті саналады. Ол бірінші командада 2016 жылдан бері ойнап келеді.