Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Барселона» мен «Бавария» да Трент Александер-Арнольдке таласуға дайын

Редактор Penalty.kz
18.10.2024, 16:27

Бұған дейін испаниялық «Реал» Мадрид Трентті негізгі трансферлік мақсаты ретінде қарастырып отырғаны хабарланған еді. 

england.regista.one
england.regista.one

Испаниялық «Реал» Мадрид «Ливерпуль» қорғаушысы Трент Александер-Арнольдке қызығушылық танытып отырған жалғыз клуб болмай шықты.

talkSPORT мәліметіне сәйкес, «Барселона» мен «Бавария» да Александер-Арнольдты өз командасына қосуға ниетті. Сондықтан Англия құрамасының 26 жастағы ойыншысы үшін «Реалға» бәсекелес болуға дайын. 

Егер Трент маусымның соңына дейін «Ливерпульмен» келісімшартын ұзартпаса, қаңтардан бастап аталған  үш еуропалық алпауыт футболшымен келіссөздер жүргізе алады.

Айта кетейік, Трент Александер-Арнольд «Ливерпуль» сапында 2016 жылдың қазан айыннан бері 319 матч өткізіп, Премьер-Лига, Чемпиондар Лигасы, Англия кубогы, Лига кубогы, УЕФА суперкубогы және Клубтық Әлем чемпионатын жеңіп алды. Тренттің әлі орындалмаған арманы — «Ливерпуль» капитаны болу.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір