«Челси» 40 млрд тұратын ойыншыға қызығушылық танытты
Украина құрамасының және донецкілік «Шахтер» клубының жартылай қорғаушысы Георгий Судаков мансабын «Челсиде» жалғастыруы мүмкін.
bel.football
Украина құрамасының және донецкілік «Шахтер» клубының жартылай қорғаушысы Георгий Судаков мансабын «Челсиде» жалғастыруы мүмкін.
Daily Express ақпаратына сәйкес, «Челси» украиналық ойыншыға қызығушылық танытып, оның трансфері үшін шамамен 78 миллион еуро (шамамен 40 миллиард теңге) төлеуге дайын.
Бұған дейін Судаков мансабын Лондонның басқа клубы – «Арсенал» сапында жалғастыруы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда, дәл осы «Челси» аталған ойыншыны сатып алуға басты үміткер ретінде саналып отыр екен.
Айта кетейік, желтоқсанның 12-сі күні лондондықтар Конференция Лигасында «Астанаға» қарсы ойнайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet