ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Шетелде ойнайтын қазақстандық футболшы азаматтығын ауыстырды

Кезінде ол "Мақтаарал" сапында өнер көрсеткен. 

Шетелде ойнайтын қазақстандық футболшы азаматтығын ауыстырды
Vesti.kz

24 жастағы футболшы Ислам Юнусов Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Енді ол қырғыз елінің азаматы. 

Жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсететін Юнусов бүгінде Бішкектің «Дордой» командасы сапында доп тебеді. Осы уақытқа дейін 38 матч өткізіп, 3 гол соққан. 2 нәтижелі пасы бар. 

Айта кетейік, Ислам Юнусов өзінің мансабын 2018 жылы "Рузаевка" құрамында бастады. Бұдан бөлек, ол Бірінші лигада "Екібастұз" және "Мақтаарал" сапында өнер көрсеткен. 

Бұл туралы не ойлайсыз?