Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Барселона» мен «Бавария» командалары өзара мықтыны анықтайды.
Бүгін яғни қазанның 23-інен 24-іне қараған түні Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 3-ші турында «Барселона» - «Бавария» өзара кездесу өткізеді. Ол осы маусымдағы ең қызықты да тартысты кездесулердің бірі болғалы тұр.
Командалардың қазіргі формасы
Барселона: Ханс-Дитер Флик жетекшілігімен «Барселона» соңғы кездері тамаша ойын өрнегін көрсетіп жүр. Соңғы матчта команда «Севильяны» 5:1 есебімен жеңіп, жоғары нәтижеге қолжеткізе ала алатындарын тағы бір дәлелдеді.
Бавария: «Бавария» да керемет формада. «Штутгартты» 4:0 есебімен жеңіп, шабуыл мен қорғаныста тұрақты ойын көрсетіп жүр.
Жеке кездесулер тарихы
Осыған дейінгі кездесулерде «Бавария» «Барселонадан» басым болды. 2020 жылы «Баварияның» 8:2 есебімен жеңіске жеткен матчы әлі күнге дейін ел есінде. Сол кезде мюнхендік клуб тізгінін «Барселонаның» қазіргі бапкері Флик ұстаған еді. Сондықтан осы жолы неміс жаттықтырушысы жағдайды өзгертуі мүмкін.
Тактикалық талдау
«Барселона» допты бақылауда ұстап, ойын қарқынын өз қолына алуға, ал шабуылда флангтарды пайдаланып, қауіпті сәттер жасауға тырысады. Ал «Бавария» жылдам қарымта шабуылға сенім артып, шабуылшыларының жылдамдығын пайдалануы мүмкін.
Болжам
Командалардың қазіргі формалары мен өз алаңындағы ойын факторын ескерсек, «Барселона» шамалы басымырақ болуы мүмкін. Дегенмен, «Бавария» сырт алаңда мықты ойнайтынымен танымал. Қорытынды есеп тең немесе «Барселонаның» минималды жеңісімен аяқталуы ықтимал.