Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Манчестер Юнайтед» Хавиге көз тікті

Редактор Penalty.kz
23.10.2024, 16:52

Клуб басшылығы «Барселонаның» бұрынғы бас бапкері Хавимен келіссөздер жүргізуді бастаған.

sportrbc.ru
sportrbc.ru

«Манчестер Юнайтед» клубы испаниялық бапкер Хавимен келіссөздер жүргізе бастады. 

«Қызыл сойқандар» өткен сенбіде «Брентфордты» 2:1 есебімен жеңгеніне қарамастан, «Юнайтедтің» қазіргі бас бапкері Эрик Тен Хагтың болашағы әлі де бұлыңғыр болып тұр.

«Юнайтед» Тен Хагпен қош айтысқан жағдайда оны тез арада алмастыра алатын үміткерлердің бірі ретінде 44 жастағы Хавиді қарастырып отыр. 

Daily Mail ақпаратына сәйкес, соңғы айда «Юнайтед» Хавимен екі рет сөйлескен. Хави мамыр айында қызметінен кеткенге дейін «Барселонада» екі жарым жыл бапкерлік қызмет атқарған.

Хавиден бөлек, «Юнайтед» дортмундтық «Боруссияның» бұрынғы бас бапкері Эдин Терзич, «Спортинг» бапкері Рубен Аморим мен қазіргі уақытта Тен Хагтың көмекшісі болып жұмыс істейтін Рууд Ван Нистелройды қарастырып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір