«Арсенал» мен «Ливерпуль» тең тарқасты
Екі команда Англия Премьер-лигасының 9-шы туры аясында кездескен болатын.
Англия Премьер-лигасының 9-туры аясында лондондық «Арсенал» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдады. Тартысқа толы кездесуде жеңімпаз анықталған жоқ. Командалар тең тарқасты. Қорытынды есеп — 2:2.
Лондондықтар құрамында Букайо Сака мен Микель Мерино гол соқты. Ал қонақтардан Вирджил ван Дейк пен Мұхаммед Салах гол авторлары атанды.
Осылайша, 9 турдың қорытындысы бойынша «Ливерпуль» (22 ұпай) турнир кестесінде екінші орынға түссе, «Арсенал» 18 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал көш басында 23 ұпайы бар «Манчестер Сити» жайғасқан.
Бұл туралы не ойлайсыз?