Мұндай ұсынысты А сериясындағы клуб жасаған.
Италия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Франческо Тотти 48 жасында ойын мансабын қайта бастауы мүмкін.
А сериясындағы өнер көрсететін «Комо» клубы «Романың» экс-капитанына осы маусымның соңына дейін келісімшарт ұсынған. Өз кезегінде Тотти де спорттық мансабын қайта бастау мүмкіндігін жоққа шығармай отыр.
Айта кетейік, Франческо Тотти «Рома» сапында 1992/1993 маусымынан 2017/2018 маусымына дейін ойнаған. Осы уақыт аралығында бас-аяғы 783 ойын өткізіп, 307 гол соқты.