Ресейлік бапкер Ұлттар лигасында төрт ойынның үшеуінде жеңілді
Кезінде Махачакаланың «Анжи» клубында Гус Хиддинктің ассисенті болған, қазір Кувейттің «Әл-Кадсия» клубында бапкер қызметін атқарып жүрген Желько Петрович Станислав Черчесовке қолдауын білдірді.
Черногориялық маманның айтуынша, Қазақстан құрамасының жеңілісіне Черчесовті кінәлаудың қажеті жоқ. Өйткені Қазақстан онсыз да қатырып жүргені шамалы.
«Қазақстан құрамасының жеңілісіне Черчесовті кінәлауды түсінбеймін. Қазақстан 100 жылдан бері бірде-бір ірі турнирде ойнаған емес. Қазіргі футболдағы адамдардың проблемасы осы болып тұр. Өздері ешқашан ірі жарыстарда ойнамаған, сосын бапкерді шақырып, керемет нәтиже күтеді. Қазақстанға Грузиядан үлгі алу керек. Басымдықты жастарға беру қажет. Соңғы нәтижелерге Черчесовті кінәлаудың қажеті жоқ. Ол Ресейдегі белгілі, тәжірибелі маман. Шет мемлекеттерде де жұмыс істеген. Қазіргі басшылар келісімшарт жазарда уәде етеді, уақыт беретінін айтады. Сосын бірнеше жеңілістен кейін шыдамдары таусылып шыға келеді», - дейді Петрович.
Айта кетейік, ресейлік бапкер Ұлттар лигасындағы төрт ойынның үшеуінде жеңілді. Әлі күнге ұлттық құрама бірде-бір гол соққан жоқ.