ҚФФ "Астананың" бас бапкерін жауапқа тартты

Редактор Penalty.kz
02.11.2024, 15:50

2024 жылдың 1 қарашасында Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің отырысы өтті.

ҚФФ "Астананың" бас бапкерін жауапқа тартты
Vesti.kz

2024 жылдың 1 қарашасында Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің отырысы өтті.

Қазақстан чемпионаты. 17-тур «Астана» — «Атырау»

Қазақстан Республикасы чемпионатының 17-туры аясындағы «Астана» мен «Атырау» командалары арасындағы матчта ҚФФ Этика кодексінің 10, 12 және 13-тармақтарын бұзғаны үшін, яғни қарсылас команда ойыншысына тіл тигізу және физикалық әсер көрсетуге байланысты, Этика кодексінің 48-тармағына сүйене отырып, «Астана» командасының бас бапкері Григорий Константинович Бабаян 2 (екі) матчқа дисквалификацияланып, 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 1 107 600 (бір миллион жүз жеті мың алты жүз) теңгені құрайды. Дисквалификация мерзімі 2024 жылдың 31 қазанынан бастап есептеледі. Григорий Константинович Бабаян айыппұлды 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін төлеуі қажет.

Команданың тәртіпсіздігіне байланысты Қазақстан чемпионатының 17-турындағы «Астана» мен «Атырау» командаларының матчында бес (5) ойыншыға ескерту берілгені үшін, ҚФФ ДР 48-бабының 1-тармағына сәйкес, №1 қосымшаға сүйене отырып, «Атырау» ФК-на 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 369 200 (үш жүз алпыс тоғыз мың екі жүз) теңгені құрайды. «Атырау» ФК айыппұлды 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін төлеуі қажет.

Бапкерге тіл тигізгені үшін айыппұл КФФ ДР 53-бабын бұзғаны үшін, яғни қарсылас команданың бас бапкеріне тіл тигізгені үшін, ДР КФФ 74-бабының 4-тармағына сүйене отырып, «Атырау» командасының ойыншысы Матеус Барбозаға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 738 400 (жеті жүз отыз сегіз мың төрт жүз) теңгені құрайды. Матеус Барбоза айыппұлды 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін төлеуі қажет.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір