«Арсенал» АПЛ-де үш матч қатарынан жеңіске жете алмай келеді
Премьер-лигасының 10-турында лондондық клуб ұтылып қалды.
arsaman.ru
«Ньюкасл» ағылшын Премьер-лигасының 10-турында «Арсеналды» 1:0 есебімен жеңді.
Жалғыз голдың авторы Александр Исак болды. Ол Энтони Гордонның керемет пасын 12-минутта сәтті пайдаланып, гол соқты. Ойын соңына дейін «канонирлер» алаң иелерінің қақпасына нақты қауіп төндіре алмады.
Айта кетейік, Микель Артетаның шәкірттері қатарынан үш ойын бойы жеңіске жете алмай жүр. Бұған дейін лондондық клуб «Борнмутқа» (0:2) ұтылып, «Ливерпульмен» (2:2) тең түскен еді. Тур қорытындысы бойынша «Арсенал» турнир кестесінде жетінші орынға түсуі мүмкін.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet