ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Конференция лигасы: «Астана» Кипрге қосалқы құраммен аттанды

Елордалық клуб «Пафосқа» қарсы ойнайды.

Конференция лигасы: «Астана» Кипрге қосалқы құраммен аттанды
Vesti.kz

«Астана» Конференция лигасы аясындағы кезекті матчын өткізу үшін Кипрге аттанды. Vesti.kz. хабарлауынша, Григорий Бабаян «Пафоспен» болатын ойынға қосалқы құрамды алып кеткен. 

Ал негізгі ойыншылар Алматыда қалып, чемпионаттың тағдыры шешілетін матчқа дайындалады. Соңғы турда елордалық клуб «Жетісуға» қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де «Астана» Уэльстің «Нью-Сейнтс» командасына резервтегі футболшылармен ойнап, 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

«Пафос» – «Астана» матчы 7 қарашада Лимасолда өтеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?