Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Олд Траффорд» тағдыры: Жанкүйерлер стадионның сүрілгенін қалайды

Редактор Penalty.kz
05.11.2024, 21:24

Сауалнамаға қатысқандардың 52%-ы жаңа стадион салуды қолдайды. 

tonkosti.ru
tonkosti.ru

«Манчестер Юнайтед» жанкүйерлерінің көбі әлемге әйгілі «Олд Траффордтың» толығымен сүріліп, орнына жаңа стадион салынғанын қалайды. 

Осыдан шамамен бір жыл бұрын сэр Джим Рэтклифф «Манчестер Юнайтедті» басқаруға келгенде клуб алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - жаңа стадион құрылысы екенін мәлімдеген болатын. 

Рэтклифф 100,000 орындық арена салуға ниетті екенін айтқан еді. Бірақ қандай да бір шешім қабылдамас бұрын клуб басшылығы жанкүйерлермен ақылдасуды жөн көрген. Осы мақсатта сауалнама жүргізіп, 50 мыңнан астам адамның пікірін біліпті.  

Сауалнамаға қатысқандардың 52%-ы «Олд Траффордтың» орнына жаңа стадион салуды қолдаса, 31%-ы қайта құруды құп көрген. 17%-ы нақты шешімге келмепті.

Жалпы алғанда, азаматтардың 90%-дан астамы 74 мың орындық «Олд Траффордқа» бірдеңе жасау бастамасына оң көзқарас танытқан. Себебі стадионға ұзақ уақыттан бері жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. 

The Telegraph мәліметіне сүйенсек, жанкүйерлермен кеңесуден кейін де «Юнайтед» соңғы шешімді келесі жазға қалдырмақ. Клуб екі нұсқаны да, соның ішінде айналасындағы аймақты қайта дамыту мүмкіндіктерін мұқият есептеп шығаруды жөн санайды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір