Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Десе де неке қию туралы мәліметтер Норвегияның Орталық халық тіркеуінде пайда болды.
Норвегия футбол құрамасының ойыншысы және “Арсенал” капитаны Мартин Эдегор Норвегияның 17 дүркін чемпионкасы, бал биінің шебері Хелена Спиллингке жасырын түрде үйленді.
VG ақпаратына сәйкес, жұптың неке қию рәсімі құпия түрде өткен. Десе де олардың некесі туралы мәліметтер Норвегияның Орталық халық тіркеуінде пайда болды.
Тамыз айында Эдегор жақында әке атанатынын хабарлаған болатын.
Жалпы, Хелена Спиллинг – білікті биші және кәсіпкер. 17 мәрте Норвегия чемпионаттарында алтын медаль иегері атанған. Өзінің би студиясы бар.
Айта кетейік, Мартин Эдегор Ұлттар лигасындағы қыркүйек айындағы матчта жарақат алғандықтан, қазір қалпына келу кезеңінен өтуде.