Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Адиев Черчесовтың болашағына қатысты пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
09.11.2024, 09:40

Кеше Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов отставкаға кеткен еді.

Адиев Черчесовтың болашағына қатысты пікір білдірді
Vesti.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Магомед Адиев Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұловтың отставкасы туралы жаңалыққа пікір білдірді. Сонымен қатар ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Чечесовтың болашағына қатысты да өз ойын айтты. 

«Шынымды айтсам, бұл шешімнің не себепті болғанын білмеймін, тек отставка туралы жаңалықты ғана көрдім. Өте өкінішті. Қалай болғанда да, соңғы жетістіктердің барлығы, оның ішінде Қазақстан құрамасының жетістіктері де Барменқұловтың есімімен байланысты. Ол қысқа уақыт ішінде көп нәрсе істей алды. Бұған қоса жоспарда үлкен жобалар бар еді. Федерация алаңдар төсеп, стадиондар салуға негіз қалады. Бұл жағдай Черчесовқа қалай әсер етеді? Айту қиын, бәрі федерация басшылығына кімнің келетініне байланысты. Қалай болғанда да, Станислав Саламовичтің келісімшарты бар. Ол жұмысын жалғастырады деп ойлаймын. Ұлттық лига аясындағы алдағы матчтарда құраманың жақсы нәтижеге қол жеткізгенін қалаймын», — деп келтірді Адиевтің сөзін «ВсеПроСпорт».

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір