Зайнутдиновтың клубы өз алаңында өтуі тиіс ойынды Венгрияда өткізетін болды
Ыстамбұлдық клуб Еуропа Лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында Тель-Авивтің «Маккаби» командасымен кездеседі.
www.euro-football.ru
Ыстамбұлдық «Бешикташ» Еуропа Лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында Тель-Авивтің «Маккаби» командасымен кездеседі. Бұл матч Түркияда емес, Венгрияда өтетін болды.
Түркиялық клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпар бойынша, ойын бейтарап аймақта яғни Дебрецен қаласында көрермендерсіз өтеді. Мұндай шешім Түркиядағы антиизраильдік көңіл-күйге байланысты қабылданған.
Айта кетейік, Еуропа Лигасы негізгі кезеңінің бесінші туры аясында өтетін «Бешикташ» – «Маккаби» матчы 28 қараша күні Астана уақыты бойынша 22:45-те басталады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet