ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Футболдан Қазақстан жастары сенсация жасады

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025-жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуін сәтті бастады. 

Футболдан Қазақстан жастары сенсация жасады
Sports24.kz

Кеше Еуроға іріктеу аясында Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Украинамен кездесті. Матч өте тартысты болды. Десе де, Александр Кузнецов шәкірттері мүмкіндіктерін толық пайдаланып, үзіліске дейін екі гол салды. Екеуінің де авторы Тамерлан Агиманов. 

Екінші таймда украиналықтар пенальтиден бір гол салып, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ мачты тең аяқтай алмады. Қорытынды есеп 2:1 қазақстандық өрендердің пайдасына. 

Айта кетейік, Украинаға қарсы кездесуде Қазақстан аутсайдер саналды. Бірақ Кузнецовтің командасы сенімді жеңіске жетті. Енді 16 қараша күні біздің құрама Нидерландпен матч өткізеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.