ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

«Ювентус» Поль Погбамен қоштасты

Естеріңізде болса, футболшы допинг ережелерін бұзғаны үшін шеттетілген болатын. 

«Ювентус» Поль Погбамен қоштасты
rbc.ru

Италияның «Ювентус» футбол клубы жартылай қорғаушы Поль Погбамен келісімшартты үзді. Оның мерзімі 30 қарашада аяқталады. Бұл туралы клуб өкілдері хабарлады. Естеріңізде болса, футболшы допинг ережелерін бұзғаны үшін шеттетілген болатын. 

Айта кетейік, 31 жастағы Погба 2018 жылғы әлем чемпионы, төрт дүркін Италия чемпионы, сондай-ақ Еуропа Лигасы мен Ұлттар Лигасының жеңімпазы. 2023 жылдың күзінде допинг тесттен сүрініп, басы дауға қалған болатын. Алғашында оған төрт жылға дейін дисквалификация алды. Кейін бұл мерзім бір жарым жылға дейін қысқартылды. Енді ол 2025 жылдың қаңтарынан бастап жаттығуға қайта орала алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.