"Челсидің" бұрынғы ойыншысы Қазақстанның әлем біріншілігіне шығуына қатысты ойын айтты

Редактор Penalty.kz
16.11.2024, 16:00

Юрий Жирков Станислав Черчесовтың жұмысына қатысты пікірін де білдірді. 

"Челсидің" бұрынғы ойыншысы Қазақстанның әлем біріншілігіне шығуына қатысты ойын айтты
olympic.kz

Лондондық «Челси» мен Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы Юрий Жирков Қазақстан құрамасының көрсеткіштері мен бас бапкер Станислав Черчесовтың жұмысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Матч ТВ» арнасы хабарлады. 

- Неге Черчесов Қазақстан құрамасымен нәтиже көрсете алмай жатыр?

- Маған айтқаны бойынша ол чемпионаттағы ойыншыларды қарап, бақылап жатыр. Оның жұмыс істеп жатқанына бір жыл ғана. Менің ойымша, оның негізгі мақсаты – құраманы Әлем чемпионатына шығару», – деп жауап берді Жирков. 

Айта кетейік, Черчесов Қазақстан құрамасын маусым айында басқара бастады. Ол Магомед Адиевтің орнына келген болатын. Алайда оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасының В дивизионында бес ойын өткізіп, төрт рет жеңілді. Норвегиямен тең нәтиже көрсетті (0:0). Бұл ойындарда команда бірде-бір гол соққан жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 4
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір