Неймар "Әл-Хиләлда" қалады
Бразилиялық шабуылшының саудиялық клубтан кету ойы жоқ.
vedomosti.ru
"Әл-Хиләл" сапында өнер көрсететін бразилиялық шабуылшы Неймар клубтан кетпейді. Бұл туралы оның агенті Пини Захави мәлімдеді.
"Неймардың "Әл-Хиләлдан" кетуіне қатысты ешқандай келіссөздер жүріп жатқан жоқ. Оның келісімшарты бар және ол бұл клубта бақытты. Оның болашағы жайлы мен және оның әкесі ғана мәлімдеме жасай алады. Неймардың кететіні туралы сыбыстың қайдан шыққанын білмеймін", - деп келтірді Фабрицио Романо Захавидің сөзін.
Естеріңізге сала кетейік, Неймар саудиялық клубқа 2023 жылдың тамызында ауысты. Осы маусымда 32 жастағы ойыншы 2 матчқа қатысты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet