Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

ҚФФ президенті лауазымына негізгі үміткер анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазіргі уақытта Руслан Желдібай ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникация мәселелері бойынша көмекшісі.

ҚФФ президенті лауазымына негізгі үміткер анықталды
Akorda.kz

«Серый CARDINAL» Telegram-арнасы Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) президенті қызметіне басты кандидаттың есімін жариялады.

"Кейбір дереккөздердің ақпаратына сәйкес, ол — Руслан Желдібай. Ресми өмірбаянына қарағанда, ол Жамбыл облысының тумасы. Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ды және Ұлыбританиядағы Уорик университетінің магистратурасын тәмамдаған.

Еңбек жолын "Қазақстан" телеарнасында бастаған. Кейін ҚР Ақпарат министрлігінде, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Руслан Желдібай ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникация мәселелері бойынша көмекшісі" - деп жазды аталған телеграм-арна. 

Айта кетейік, ҚФФ-ның жаңа президентін сайлау 2024 жылдың 20 желтоқсанында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 2
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір