Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Елордалық клуб ертең португалиялық "Виториямен" кездеседі.
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Тимур Сисенов Ұлттар лигасы аясында өтетін "Астана" - "Витория" матчында елордалық клубтың жеңіске жету мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеп берді.
"Астананың" қарсыласы өте жақсы. Жүз жылдық тарихы бар! Десе де, "Витория" айқын деп фаворит деп айтпас едім. Менің ойымша, жеңіске жету мүмкіндігі 40/60 пайыз, португалдардың пайдасына. Қазір Португалияда ішкі біріншілік өтіп жатыр. Сәйкесінше, команда бабында. Ал ҚПЛ болса аяқталып қойды. "Астана" жеңіске жету үшін қолынан келгенше күш салуы керек", - деді Тимур Сисенов.
Естеріңізге сала кетейік, аталған кездесу ертең Алматыда өтеді. Басталатын уақыты - 20:30-да.