ЧЛ: ПСЖ-ның мүмкіндігі нөлге тең
Opta статистикалық порталы осындай мәліметпен бөлісті.
Opta статистикалық порталы ПСЖ клубына қатысты жаңа ақпаратын жариялады. Ол бойынша ПСЖ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде үздік сегіздік қатарына ілініп, плей-оффқа тікелей жолдама ала алмайды. Мүмкіндігі – 0.
Ал, 9-24 орындағы командалар қатарынан көріну мүмкіндігіне 55 пайызға ғана бағалап отыр.
Айта кетейік, париждік клуб Чемпиондар лигасында 5 ойын өткізіп, небәрі 4 ұпай еншілей алды. Қазір турнилік кестеде 26-орында тұр.
ПСЖ алдағы турларда "Зальцбург", "Манчестер Сити", "Штутгарт" клубтарына қарсы ойнайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?