«Бешікташ» бас бапкерсіз қалды
Нидерландтық Джованни ван Бронкхорст ыстамбұлдық клубтан кетті
Ван Бронкхорст клуб тізгінін 2024 жылдың 5 маусымында ұстап, Түркия суперкубогын жеңіп алған. 28 қарашада «Бешікташ» Еуропа Лигасының негізгі кезеңінде «Маккабиге» 3:1 есебімен жол берді. Ал ел чемпионатында «бүркіттер» қатарынан төрт ойында ұпай жоғалтты.
"Джованни ван Бронкхорстқа алғысымызды білдіреміз. Оған алдағы уақытта табыс тілейміз», делінген клубтың сайтында.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.