Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Гвардиолаға "Ситиді" құтқару үшін ₸130 млрд бөлінді

Редактор Penalty.kz
02.12.2024, 17:30

«Манчестер Сити» қысқы трансферлік кезеңде құрамын 200 миллион фунтқа күшейтеді 

Гвардиолаға "Ситиді" құтқару үшін ₸130 млрд бөлінді
matchtv.ru

Ағылшын премьер-лигасының 13-ші турында "Ливерпульден" жеңілгеннен кейін (0:2) "азаматтардың" жеңіссіз сериясы жеті матчқа дейін созылды. Оның ішінде алты рет ұтылды. Мұндай ұзаққа созылған құлдырау сериясы Англия мен Еуропада үстемдік құрған "Сити" үшін таңсық нәрсе. 

Dailystar мәліметтері бойынша Гвардиола бастапқыда құрамды күшейту үшін 100 миллион фунт стерлингке есептеген. Бірақ соңғы оқиғаларды ескере отырып бюджет екі есе артты. 

Клуб "Реал Сосьедадтан" Мартин Субимендиді (60 миллион фунт), "Спортингтен" Виктор Дьёкерешті (65 миллион фунт) және "Ньюкаслдан" Бруно Гимараешты (75 миллион фунт) алдыруды мақсат етеді.  

"Мен осы команданы қайта құрғым келеді. Жұмыс алдағы айларда басталып, маусым соңына дейін жалғасады", - деді Гвардиола. 

Өткен жазда "Сити" белсенді трансферлік нарықта белсенді болған жоқ. Клуб басшылығының пікірінше, қазіргі құлдыраудың бірден-бір себебі осы. Қиын жағдай шұғыл шешімдерді қажет етеді және Гвардиола команданы күшейту үшін карт-бланш алды. 

Пеп Гвардиола Манчестер Ситиді 2016 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт ішінде клубпен 18 трофей жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір