Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Жалпы, келесі жылы Лига 2 командамен толығады деген ақпар бар.
Қазақстан Премьер-лигасы келесі жылы 16 командаға ұлғаюы мүмкін. Қазір Федерация бұл мәселені жан-жақты қарастырып жатыр. Бұл туралы Aladop.kz хабарлады.
Елімізде 3 мегаполис қала және 16 облыс бар. Ал Қазақстан чемпионатында небәрі 14 команда. Өткен маусымда Павлодардың «Ақсуы» соңғы сәтте ҚПЛ-дан бас тартып, тіпті 13 клуб қатысты. Бұл ішкі біріншілік үшін біраз қиындық туғызып, ойындар саны азайып қалды.
Егер 16 команда болса чемионат 30 турға ұзарады. Матчтар саны көбейіп, бәсекелестік артады. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы ҚПЛ біріншілігін кеңейтуді көздеп отыр.
Бірінші лига жеңімпазы Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Жезқазғанның «Ұлытау» командаларынан бөлек, Ақтаудың «Каспий» клубы да жоғары лигаға көтерілуі мүмкін. Маңғыстаулық команда бұл жағымды жаңалықты естіп, оқу-жаттығу жиынын ҚПЛ клубтарымен бірге өткізуге осы бастан қамданып жатыр.
Сондай-ақ, биыл Бірінші лигаға құлаған Қарағандының «Шахтеры» де ҚПЛ-дағы өз орнын сақтап қалмақ. Сенімді дереккөздерге сенсек, бұл өзгерістер жыл соңына дейін хабарланады.