ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Месси Америкада да Месси! Лионель МЛС-тың жыл ойыншысы атанды

Америка біріншілігінің үздіктері дауыс беру анықталды. 

Месси Америкада да Месси! Лионель МЛС-тың жыл ойыншысы атанды
news.sportbox.ru

АҚШ-тың «Интер Майами» футбол клубында өнер көрсететін аргентиналық футболшы Лионель Месси МЛС чемпионатының жыл ойыншысы атанды.

МЛС үздіктері дауыс беру арқылы анықталды. Оған лига футболшылары, клубтың техникалық қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Нәтижесінде 38,43% дауыс жинаған Месси жыл үздігі атанды. Екінші орын 33,7% көрсеткішпен «Коламбус» командасының сұрмергені Кучо Эрнандэске бұйырды.

Айта кетейік, әлем чемпионы Лионель Месси өткен жылғы МЛС біріншілігінде 19 ойын өткізіп, 20 гол соқты. 16 нәтижелі пас берді. Соның арқасында «Интер Майами» жалпы айналымында топ жарды. Ал плей-оф бәсекесінде алғашқы айналымнан әрі аса алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?