Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық футболшыға төлқұжат ауыстыру ұсынысы түскен

Редактор Penalty.kz
08.12.2024, 17:45

ФК "Атырау" қорғаушысы Геворг Наджарян Армения құрамасына шақырту алғанын айтты. 

kazfootball.kz
kazfootball.kz

Бұл туралы ойыншы Meta-raitings.kz сайтына берген сұхбатында айтты. 

"2020 жылы Армения құрамасының өкілдері маған хабарласқан. Бірақ мен ол кезде Қазақстан жастар құрамасы сапында іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жүрдім. Кейін Армения чемпионатына ауысқанымда маған тағы да ұсыныс тастады. Төлқұжатымды ауыстыруды сұрады. Бірақ мұның бәрі сөз жүзінде еді. Менің мақсатым — Қазақстан құрамасының жейдесін кию болды. Әлі тұрақты шақырту алмағаным өкінішті-ақ. Тек Молдоваға қарсы жолдастық матчта ойнадым. Мен жасөспірімдер және жастар құрамасында доп тептім. Алайда басты командадан ресми шақырту түскен жоқ. Бәрі алда. Мен осыған сенемін. Әлі де мүмкіндік болады. Ол үшін барымды саламын", —  деді Наджарян. 

Еске сала кетсек, Геворг Наджарян арменияның" Пюник" және "Ван" клубтарында ойнады. 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір