Ағылшын Премьер-лигасынының 15-турында лондондық дерби өтті.
"Тоттенхэм Хотспур" стадионындағы матчта жеті гол тіркелді.
Алаң иелері небәрі 11-минутта 2:0 есебімен алға шықты. Гол авторлары — Доминик Соланке және Деян Кулусевски. Қонақтар 17-минутта Джейдон Санчоның нәтижелі соққысымен есеп айырмасын қысқартты. Үзілістен кейін "ақсүйектер" ойын қарқынын үдетті. Коул Палмер пенальтиден екі рет мүлт кетпеді. Артынша Энцо Фернандес көзге түсті. Ойын соңында Сон Хын-Мин де мергендік танытты.
"Челси" осы жеңістің арқасында турнир кестесінде екінші орынға оралды.
Тоттенхэм - Челси - 3:4 (2:1) | |
Голдар: Соланке, 5 (1:0). Кулусевски, 11 (2:0). Санчо, 17 (2:1). Палмер, 61 - пенальтиден (2:2). Фернандес, 74 (2:3). Палмер, 84 - пенальтиден (2:4). Сон Хын-Мин, 96 (3:4). |