"Тобылдағы" ауыс-түйіс
Қостанайлық футбол клубында трансферге қатысты жаңалық пайда болды.
«Серый CARDINAL» телеграм арнасы мынадай ақпарат таратады:
"Біздің дереккөз Педро Эуженионің кеткенін растады. Командаға Наурызбек Жағоров қосылды. Қалған келетін-кететін ойыншыларға қатысты келіссөздер жүріп жатыр", — деп жазады канал авторы.
26 жастағы Жағоров былтыр "Атырау" құрамында 31 матч өткізді. 2 гол соғып, осынша нәтижелі пас берді.
Ал Педро Эуженио маусымды "Атырау" сапында бастап жазда "Тобылға" ауысқан. Қостанайлық клубта ешқандай нәтижелі әрекетімен ерекшеленген жоқ.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.