ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

"Челси" Алматыға кілең жастарды әкеледі

"Челси" Конференция лигасының бесінші турында "Астанаға" қарсы ойынға екінші құрамды шығарады. 

"Челси" Алматыға кілең жастарды әкеледі
chelseablues.ru

Dailymail.co хабарлауынша УЕФА сайтындағы жаңартылған тізіміне "Челсидің" 11 тәрбиеленушісі енгізілген. Олардың қатарында Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Кайден Уилсон, Тайрик Джордж, Киано Дайер, Харрисон МакМахон, Самуэль Рак-Саки, Ато Ампах, Макс Меррик, Джош Ачемпонг, Шумайра Мхеука және Ричард Олисе бар. 

"Челси" турнирге қатысар алдында тізімге тек Ачемпонг, Дайер, Джордж, МакМахон және Меррикті енгізген. Бірақ турнир барысында жас ойыншыларды тіркеуге шектеу қойылмайды. Демек бас бапкер Энцо Маресканың Алматыда жастарға таңдау жасайтыны айқын көрініп тұр. 

"Астана" — "Челси" ойыны 12 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 20:20 басталады. "Qazsport" матчтан тікелей эфир таратады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.