Жоржиньо "Қайратқа" ауысуға келісім берді
"Дифферданж" клубының португалиялық шабуылшысы Алматының "Қайратына" ауысуға дайын.
"Брага" клубының 27 жастағы түлегінің Люксембург чемпионымен келісімшарты бар. Демек "Қайрат" футболшыны өз құрамында көргісі келсе, ақша төлеуге мәжбүр болады, деп жазады Meta-raitings.kz.
Биылғы маусымда Жоржиньо чемпионатта 17 гол соғып, командаластарына 10 мәрте нәтижелі пас берді. Ұлттық чемпионат, Люксембург кубогы, Чемпиондар лигасы мен УЕФА Конференциялар лигасын есептегенде 19 матч өткізді.
Бұл туралы не ойлайсыз?