Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Ол Әліп пен Зайнутдиновтан да құнды.
Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Өзбекстан құрамасы мен франциялық "Ланс" қорғаушысы Абдукодир Хусановтың трансферлік құны 5 млн-нан 12 млн еуроға көтерілген. Осылайша Абдукодир Орталық Азиядағы ең қымбат, ал ТМД бойынша құнды он футболшының қатарына енді. Бұл туралы sportarena.kz жазады.
Fergana.agency-дің дерегі бойынша Хусанов баға жағынан мәскеулік ЦСКА жартылай қорғаушысы отандасы Аббос Файзуллаевты (6 млн еуро) және итальяндық "Рома" шабуылшысы Эльдор Шомуродовты (5 млн еуро) артта қалдырған. Түркияның "Бешікташ" жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов төртінші орынға табан тіреген. Топ-5-ті тағы бір қазақстандық — "Зенит" қорғаушысы Нұралы Әліп түйіндеді. Оның бағасы 3 млн еуро.
ТМД аумағындағы ең қымбат футболшы тізімінде "Монако" жартылай қорғаушысы ресейлік Александр Головин көшбастап тұр — 30 млн еуро. Тағы бір ресейлік Матвей Сафонов (ПСЖ) және армениялық Эдуард Сперцян ("Краснодар") 20 млн еуроға бағаланып отыр. Хусанов ТМД-дағы барлық ойыншылар арасында жетінші орында тұр.