"Ертіс" бас бапкерсіз қалды
Николай Гавриш павлодарлық командамен қош айтысты.
kazfootball.kz
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
“Бас бапкер өз еркімен клубтағы қызметінен босады. Николай Гавришке Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын командадан ұсыныс түскен. Ол өзінің бапкерлік қызметін өзге командада жалғастырады”, - деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.
Николай Гавриш биылғы маусым айында “Ертіс” командасының тізгінін қолға алған.
Оның жетекшілігімен павлодарлық клуб Екінші лигада 13 ойын өткізіп, оның 12-сінде жеңіске жетті. Ал ең бастысы команданы Екінші лигадан Бірінші лигаға алып шықты.
Ол Қарағанды қаласының тумасы. 2024 жылғы маусымды “Екібастұз” футбол командасында бас бапкердің көмекшісі болып бастаған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet