 
                Елордалық клуб УЕФА Конференциялар лигасында АПОЭЛ-ге қарсы шешуші матч өткізеді.
 
                Григорий Бабаян шәкірттері Никосияда жаттығып жатыр. Дәл осы қалада 20 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 1:00-де АПОЭЛ — "Астана" матчы өтеді.
Дәл қазір елордалық клуб Конференциялар лигасының негізгі кезеңдегі турнир кестесінде 28-сатыда орналасқан. Қазақстандық ұжымға плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін жеңіс қажет.