Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

АПЛ жұлдызы ресейлік медиалигаға ауысудың алдында тұр

Редактор Penalty.kz
16.12.2024, 14:15

"Тоттенхэмнің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Деле Алли Ресей медиалигасындағы "Титан" клубымен келісімшарт жасасуы мүмкін.  

АПЛ жұлдызы ресейлік медиалигаға ауысудың алдында тұр
football24.ua

Ресей медиалигасының президенті Николай Осиповтың айтуынша Деле Аллидің агентімен келіссөздер бірнеше күн бойы жүріп жатыр. Тараптар келісімшарттағы бірсыпыра сұрақтарды талқылау үстінде. Соңғы нүктені ойыншының өзі қоюы тиіс. Оны командада келесі аптаның басында күтуде.

"Біздің ұсыныстарымыз Аллидің агентіне ұнады. Енді ойыншының өзімен бетпе-бет сөйлесу ғана қалды. Қолдағы бар ақпаратқа сенсек, ол келесі аптаның бас кезінде келуі тиіс. Әрине, осындай әлемге танымал ойыншының Ресейге келуі медиалиганың мәртебесін айтарлықтай көтеретіні анық", —деп атап өтті Осипов. 

Медиалига президентінің айтуы бойынша, "Титан" командасының өкілдері Деле Аллиге бірқатар матч жазбаларын ұсынып, ресейлік медиалиганың деңгейін бағалап көруіне жағдай жасаған. Демек ағылшындық футболшының ауысуға қызығушылығы бар. 

Деле Алли Англия құрамасы сапында 37 матч өткізіп, 3 гол соққан. 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір