УЕФА Суперкубогының финалы қай жерде өтетіні белгілі болды
Еуропалық футбол қауымдастығының одағы ресми сайтында 2025 жылы Суперкубок финалы өтетін жерді жария етті.
olympics.com
Олжа үшін матч Удине (Италия) қаласындағы "Фриули" стадионында өтеді.
Дәл осы стадион жастар арасында Еуро-2019 финалын қабылдаған. Аталған аренада италиялық "Удинезе" клубы А сериясындағы матчтарын өткізеді.
УЕФА Суперкубогын әдеттегідей Чемпиондар лигасы мен Еуропа Лигасының жеңімпаздары өзара сарапқа салады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet