ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Реал" Құрлықаралық кубокты мексикалық "Пачукамен" сарапқа салады

"Пачука" турнирдің жартылай финалында мысырлық "Әл-Ахли" клубынан басым түсті. 

"Реал" Құрлықаралық кубокты мексикалық "Пачукамен" сарапқа салады
sport24.ru

Финал үшін өткен ойын 120 минутқа созылып, жеңімпаз тек пенальти сериясында анықтауға тура келді. “Пачука” алғашқы екі соққыны өткізіп алған. Бірақ кейін мексикалық қақпашы Карлос Морено 4-ші соққыны қайтарып, командаластарының финалға шығу мүмкіндігін қалдырды. Одан ары “Әл-Ахли” ойыншысы нүктеден соңғы соққыда мүлт кетті. Серия тағы үш раундқа ұласып, соңғысында мысырлық  футболшы қақпа маңдайшасын дәлдеді. Осылайша “Пачука” финалға шықты.

Құрлықаралық кубок. Жартылай финал.

"Пачука" (Мексика) - "Әл-Ахли (Мысыр) – 0:0 (пен. 6:5)

18 желтоқсанда өтетін “Пачука” мадридтің “Реалына” қарсылас атанады. Катарда өтетін матч Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.