Айымбетовтың голы командасына сенсациялық жеңіс (ВИДЕО) сыйлады
Футболдан Түркия Суперлигасының 16-турында "Адана Демирспор" ыстамбұлдық "Бешікташ" клубын қабылдады. Матчқа шолу төменде ұсынылған.
Ойын "Адана Демирспордың" сенсациялық жеңісімен (2:1) аяқталды. 31-ші минутта Юсуф Бараси алаң иелерін алға шығарды. Ал араға жеті минут салып қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов нәтижені еселей түсті.
"Бешікташ" матч барысын өзгерту мақсатында алаңға бірқатар ойыншы шығарды. 46-шы минутта қосалқы құрамнан Бахтиёр Зайнутдинов та қосылды. Бұның бәрі өз нәтижесін берді. 72-ші минутта Аль-Мусрати дәл соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ араға төрт минут салып ыстамбұлдық клуб сапында Таийб Талхи Сануч дөрекі ойнап алаңнан қуылды. Айта кету керек, 82-ші минутта Айымбетовтың орнына басқа ойыншы шықты. Ал Зайнутдинов кездесу соңын айқындайтын төреші ысқырығы естілгенше ойнады.
Осылайша "Адана Демирспор" биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.