Фавелла императоры атанған футболшы қоштасу матчын өткізді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Адриано спорттық мансабын 2016 жылы аяқтаған болатын. 

Фавелла императоры атанған футболшы қоштасу матчын өткізді (ВИДЕО)
sports.ru

Миландық "Интер" мен Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Адриано әйгілі "Маракана" стадионында өзінің қоштасу матчын өткізді. 

Ойын барысында 42 жастағы шабуылшы бір тайм «Фламенго» аңыздары сапында, екінші тайм "Италиядан келген достарымен" бірге ойнады. Кездесу 4:3 есебімен «Фламенгоның» пайдасына шешілді.  

Матч кезіндегі үзілісте стадион экранында Адрианодың марқұм әкесінің бейнесі шығарылып, жасанды интеллекттің көмегімен қалпына келтірілген дауыс ұлына ақыл-кеңес берді. «Интердің» бұрынғы шабуылшысы осы сәтте көзіне жас алып, эмоцияға берілді. 

Айта кетейік, Адриано спорттық мансабын 2016 жылы аяқтады. Десе де, қоштасу матчын енді өткізіп отыр. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір