Қайрат Нұрдәулетов жұмыссыз қалды
"Жетісу" бас бапкер Қайрат Нұрдәулетовпен қоштасты.
"Қайрат Жұмабекұлына және оның көмекшілеріне атқарған қызметі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта тек сәттілік тілейді!" делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Талдықорғандықтар биылғы Қазақстан премьер-лигасын он бірінші сатыда аяқтап, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды. Қайрат Нұрдәулетов бұған дейін "Мақтааралды" жаттықтырып, Қазақстан жастар құрамасын басқарған еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.