Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бұған Қайраттың «Жетісу» бас бапкері орнынан кетуі себеп.
Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан құрамасының бас бапкері болуы мүмкін. Бұл туралы aladop.kz хабарлады. Басылымның хабарлауынша, Нұрдәулетовтің Талдықорғанмен қош айтысатыны, оның орнын Самат Смақовтың басатыны әлдеқашан-ақ белгілі болған.
"Алайда, Қайрат Жұмабекұлының дәл қазір – ҚФФ президентінің сайлауының қарсаңында жұмыссыз қалғаны қосымша ойға жетелейді, деп жазады Аладоп авторы.
"Сондай-ақ, бұған KazFootball.kz-тің ҚФФ президенті мен Станислав Черчесов жайлы материалы да түрткі болып отыр. Порталдың мәліметінше, ертең Қазақстан футбол федерациясының тізгінін ұстайтын адам бірден бас бапкерді ауыстырмақ, себебі, оған осындай талап қойылса керек. Ал ұлттық команданың бас бапкерлігіне үміткерді таңдаудағы басымдық отандық мамандарға беріледі деген ақпарат бар. Ал енді мұндай принципті ұстанатындары рас болса, онда әрине, үміткерлер қатарында Қайрат Нұрдәулетовтің болуы заңдылық" - делінген сайтта.
Айта кетейік, Станислав Черчесовпен келісімшарт былтыр 2 жыл мерзімге жасалды. Егер ол мерзімінен бұрын бұзылса, құзырлы орған Черчесовке 1 млн еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.