ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Түрікмен футбол Федерациясының басшысы ФИФА президентіне ерекше сый жасады

Федерация басшысы Джанни Инфантиноға портреті бар кілем сыйлады. 

Түрікмен футбол Федерациясының басшысы ФИФА президентіне ерекше сый жасады
turkmenportal.com

ФИФА президенті Катар астанасы Дохада Түрікменстан футбол Федерациясының басшысы Гуванчмухаммет Овековпен кездесті. Тараптар Түрікменстандағы футболды дамыту және ФИФА тарапынан федерацияның болашақ жобаларына қатысты жан-жақты қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Кездесу аясында түрікмен федерациясының президенті Инфантиноға түрікмен халқының дәстүрлі қолдан жасалған кілемін ұсынды. Онда ФИФА басшысының портреті ұйым символикасы мен Түркіменстан мемлекеттік туының аясында бейнеленген. 

Бұл туралы не ойлайсыз?