"Астана" еурокубоктан тыс қалды (ВИДЕО)
Елордалық клуб УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңі аясындағы 6-турда Кипрдің АПОЭЛ ұжымымен тең түсті.
“Астана” тек жеңіске жеткен жағдайда плей-оффқа жолдама алуы мүмкін еді. Бірақ бұған қол жеткізе алмады.
Кездесу барысында кипрлік клубтан Анастасиос Донис 56-минутта есеп ашты. Оған қазақстандық командадан Кипрас Кажуколовас 64-минутта бір голмен жауап берді.
Осылайша “Астана” жалпы кезеңде бес ұпай жинап, плей-оффтан тыс қалды. Жалпы кезеңді 28-орынмен аяқтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet