Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Биылғы еурокубоктағы қазақстандық командалардың табысы қанша?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан атынан УЕФА турнирлеріне "Астана", "Ақтөбе", "Тобыл" және "Ордабасы" қатысты.

Биылғы еурокубоктағы қазақстандық командалардың табысы қанша?
apa.az

Конференциялар лигасының топтық кезеңіне қатысқан әр команда 3 миллион 170 мың еуродан алды. Матчтағы жеңіс үшін – 400 мыңнан, тең ойын үшін 133 мың еуродан қарастырылды.  

“Астана” бұл кезеңде сербиялық “Бачка-Тополаны” жеңіп (1:0), португалиялық “Витория Гимарайнш” (1:1) және кипрлік АПОЭЛ-мен (1:1) тең түсті.

Осылайша елордалықтар кем дегенде 3 миллион 836 мың еуро табыс тапса, соның ішінде 666 мыңы жеңіс пен тең ойындардан түскен бонустар. Сонымен қатар клубтар маркетинг арқылы да пайдаға кенеледі. Бұл негізінен ТВ-трансляциялар мен жарнамалар. Бірақ мұндағы сандар көпке жария бола бермейді.

Биылғы еурокубок маусымында өзге қазақстандық клубтар қанша табыс тапты:

“Ақтөбе” – 150 000 еуро (Конференция лигасының бірінші кезеңінде шығып қалды)

“Тобыл” – 575 000 еуро (Еуропа лигасының бірінші раундында, Конференция лигасының екінші кезеңінде жарысты аяқтады)

“Ордабасы” – 1 миллион 160 мың еуро (жорығын Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде, Еуропа лигасының екінші кезеңінде, Конференция лигасының үшінші кезеңінде аяқтады + топқа іліге алмаған чемпион ретінде УЕФА-дан 260 000 еуро бонус).

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір