"Ордабасы" жаңа бапкерді таныстырды
Молдовалық маман Андрей Мартин "Ордабасы" футбол клубының бас бапкері атанды.
moldova.sports.md
Ол осы күнге дейін өз еліндегі “Петрокуб” командасын жаттықтырған. 2023/2024 жылғы маусымда Молдова чемпионы атанып, ел кубогын иеленді. Команда УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойнады.
Молдовалық маман қорғаушы, жартылай қорғаушы шебінде ойын көрсеткен.
Бапкерлікке 2008 жылы ден қойды. Ал “Петрокуб” клубына екі жыл бұрын келді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet