Ануар Әбдрахманов ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында Станислав Черчесов пен ҚФФ-ның жаңа президенті Марат Омаров туралы пікірін білдірді.
Қазақстандық журналист Әнуар Әбдрахманов ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымына сұхбатып беріп, ұлттық құраманың бас бапкері мен ҚФФ-ның жаңа президенті Марат Омаров жайлы ойымен бөлісті.
Әнуардың айтуынша, Қазақстан құрамасының бас бапкерін орнынан алу туралы әлі нақты шешім жоқ.
«Бізде жаңа президент енді сайланды, лауазымды қызметке Марат Омаров тағайындалды. Футбол әлеміндегі жаңа есім, қасына жаңа команда жинайтыны түсінікті. Одан бөлек, Қазақстан футбол федерациясына Саян Хамитжанов қайтып оралды – ол кезінде «Астанамен» толайым табысқа жеткен тәжірибелі функционер. Ал Черчесовтың өз орнынан кетуі мүмкін деген әңгімелер туралы... Меніңше, федерацияның өзі бұл жөнінде нақты шешімге келе алған жоқ», - деді Әнуар Әбдрахманов.
Айта кетейік, Станислав Черчесовпен келісімшартты ҚФФ-ның экс-президенті Әділет Бәрменқұлов 2024 жылдың маусымында екі жылға жасасқан болатын. Егер де осы келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылса, құзырлы орған Черчесовке 1 млн еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.